Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

«Кене энцефалитінің алдын алу»

Кене энцефалиті – әртүрлі ағзалар мен жүйелерді, бірінші кезекте орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын жіті инфекциялық, трансмиссивті, табиғи-ошақ ауруы. Ауыр түрде өткен жағдайда мүгедектікке алып келеді, паралич пайда болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті кене энцефалитінің эпидемиологиялық маусымы сәуір айынан басталып, маусым айында кене белсенділігі барынша жоғары болып қыркүйекке дейін созылатындығы туралы хабардар етеді.
Республика бойынша 2018 жылы медициналық ұйымдарға кене шаққан 11510 адам жүгінді, оның 9922 (86,2%) иммуноглобулинмен профилактикалық ем алды, дәрігерге кеш қаралу және медициналық қарсы көрсетілімдер себебінен 1588 адам иммуноглобулин алған жоқ (13,8%). 45 кене энцефалиті жағдайы тіркелген, аурушаңдығының көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда - 0.25 (2017ж. – 33 сл. көрсеткіш-0.19), аурушаңдықтың 34.5% - ға өскені байқалады.
Эндемиялық аумақтар бөлінісінде кене энцефалиті жағдайларының өсуі Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысының аумағында 3 жағдай тіркелді. Кене энцефалитінің барлық жағдайлары зертханалық расталды.
Қазақстанда Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы қаласы мен оның төңірегі кене энцефалиті бойынша эндемиялық өңір болып табылады. Осыған байланысты, қызметі кене энцефалитінің табиғи ошағында болуымен байланысты адамдар (орманшылар, қорықшылар және орман мен аншылық шаруашылығының басқада қызметкерлері) кене энцефалитіне қарсы профилактикалық иммундаудан өтеді. Сонымен қатар, жылына екі рет, көктемде және күзде эндемиялық аумақтарда:
1) балаларға және ересектерге арналған сауықтыру ұйымдары орналасқан орындарда;
2) кәсібі мен жұмысының табиғи ошақта болуымен байланысты адамдар тұрақты болатын орындарда;
3) демалыс және туризм базаларының, бау-бақша кооперативтерінің аумақтарында;
4) орман алқаптарын учаскелерінде;
5) шаруашылық-тұрмыстық және басқа мақсаттарда халық едәуір жиі жиналатын жерлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы эпидемиялық маусымда жүргізілген эпидемияға қарсы шаралар (вакцинациялау, иммуноглобулинді уақтылы енгізу, кенеге қарсы өңдеу) нәтижесінде адамдардың кене энцефалитімен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.
Кене энцефалитін қоздырғыш адамға:
вирус жұқтырған иксодтық кене жансыздандыру сілекейімен бірге сорған кезде;
тамаққа кененің жаппай қаптауы кезінде сүтте вирус болуы мүмкін ешкінің, қойдың, сиырдың шикі сүтінпайдаланған кезде;
кенені жаншу немесе шаққан орнын қасу кезінде беріледі.
Вакцинациялау және қорғану құралдарды қолдану көмегімен кене энцефалитімен ауырудың алдын алуға болады.
Арнайы қорғау костюмдерінің немесе кенелердің кіруіне жол бермеуі тиіс ыңғайлы киімдердің қолданылуын қамтиды. Жейдедеқолдың білезік тұсы түймеленетін немесе резеңкемен қыстырылатын ұзын жеңі болуы тиіс. Жейденің етегі шалбарға, ал шалбардың балағы шұлыққа және етікке салынуы қажет. Бас пен мойынды орамалмен, биік жағамен, капюшонмен немесе басқа да ыңғайлы киімммен жабу керек.
Табиғат аясында болған уақыт ішінде киіміңіз бен денеңізді жиі тексеріп отырыңыз. Егер жабысқан кенені байқасаңыз медицина қызметкеріне қаралыңыз, егер ондай мүмкіндік болмаса кенені өзіңіз алып тастаңыз. Кенені кішкентай тұмсығын жұлып алмай, өте абайлап алу керек, жабысып тұрған кенеге кез келген майды немесе керосинді тамызып, қысқышпен немесе мықты жіппен қармап, қозғай отырып ақырын алу керек. Егер тұмсығы теріде қалып қойса, онда оны шөңгір сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод тұнбасын жағыңыз және қолыңызды мұқият жуыңыз.
Кенелерден қорғану үшін үркітетін заттарды – репелленттерді пайдалануға болады, онымен дененің ашық жерлерін және киімді өңдеу керек.
Кене энцефалиті бойынша қолайсыз аумақтарда сүтті қайнатқаннан кейін ғана пайдалану қажет. Бұдан басқа, шикі сүт қана емес одан дайындалған өнімдер: сүзбе, қаймақ, май және т.б. да қауіпті болып табылады.
Кене шаққан адамдар тәулік ішінде таяу арадағы медициналық ұйымдарға баруы және шұғыл профилактикадан өтуі қажет.