Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Мемлекеттік қызметтер стандарттары туралы

    ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының негізінде, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы « Рұқсат ету және хабарландыру туралы»  Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» бұйрығына, «Качир аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
   1. "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"; Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 15 жұмыс күні; Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 2) аккредиттелген зертханалары жүргізген осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 3-қосымшға сәәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті сынықтар (зерттеулер) тізбесіне сәйкес хаттамалары.
    2. «Қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілген қызметті  берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:     1) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділердің нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорыт ындыны алу үшін, осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті төгінділері бойынша нормативтік құжаттаманың жобасы; 2)  санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік құжаттама жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғаныш аймақтарының нормативтік жобалары; 3) шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш, шикізатқа және өнімге нормативтік құжаттама жобасы.
    3.  Тамақ өнімін  өндіру (дайындау) обьектісіне есептік нөмір беру. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері көрсетілген қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде  - 7 жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:    1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; 2) өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі.
    Тегін негізінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
    1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;       
    2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6-тармағынасәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
    Сіздер Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Качир ауданының бөлімі арқылы  құжаттарды қабылдау  және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді іске асыра аласыздар,орналасқан мекен-жайы: Тереңкөл ауылы, Тургенев көшесі 85 «а», тел. 21-5-29 немесе «электрондық-үкімет» веб-порталы: www.egov.kz.