Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сальмонеллезден қалай сақтануға болады?

Сальмонеллез – сальмонелла тұқымдас түрлерінен туындайтын адам мен жануардың кеңінен тараған жұқпалы ауруы. Сальмонеллез қоздырғыштарының температура, ылғалдылық және жұғу көлемділігіне байланысты сыртқы орта объектілерінде өмір сүруге қабілеті бар. Ауылшаруашылық жануарлары және құстар негізгі жұқпа көзі болып табылады. Қазіргі уақытта тауық, ірі қара мал және шошқа қоздырғыштың эпидемиялық маңызды көзі болып есептеледі. Сол сияқты кеміргіштер, әсіресе егеуқұйрық пен тышқан сальмонеллез жұқпасының көлемді резервуары болып табылады.
Сальмонеллез кезінде қоздырғыш көзі ретінде адамның рөлі де дәлелденді. Бұндай жағдайда ол кішкентай балалар мен егде жастағы адамдар, сондай-ақ иммунитеті әлсіз тұлғалар үшін өте қауіпті. Жұқтырылған адам (әсіресе симптомсыз тасымалдаушы) тағамды дайындап, таратуға, сондай-ақ азық-түлік өнімдерін сатуға қатысы болған жағдайда ерекше қауіп төндіреді. Қоздырғышты жұқтыру механизмі көбінесе тамақ арқылы (алиментарлы) іске асырылады. Бұл ретте тағам өнімдері, әсіресе ет, ет құс өнімдері, жұмыртқа және крем өнімдері қоздырғышты тарату факторлары болып табылады. Тауық жұмыртқалағанға дейін жұқтырылған жұмыртқа, сондай-ақ одан дайындалған өнімдер ерекше қауіп төндіреді. Ірімшік, брынза, балық, соның ішінде ысталған балық және теңіз өнімдерін пайдаланумен байланысты сальмонеллез аурулары белгілі.
Сальмонелла үшін сілікпе, құйма тағамдар, кремдер, ет фаршы, салаттар, сүт өнімдері қолайлы орта болып есептеледі. Әсіресе бұл микробтар бөлме температурасында және жылыда дайын тағам өнімдерінде қарқынды дамиды. Сондықтан сальмонеллез ауруы жазғы маусымда, ыстықта өседі. Бұған қоса, аурудың жұғу қаупі дайын тағамдағы сальмонеллалардың тағам түрін, иісін, дәмін өзгертпестен көбеюінен артады.
Инкубациялық кезең 2-6 сағаттан бастап 2-3 күнге дейін созылады. Тұрмыстық тарау кезінде олар 4-7 тәулікке дейін артады. Микробтың ағзаға түскеннен кейін шамамен бір тәуліктен соң іштің ауруы сезіліп, жүрек айну, лоқсу, іштің өтуі басталады. Дене қызуы 37,5-38, ал кейде 39-40 градусқа дейін артады. Жұқпа ауыр интоксикацияны тудырады. Кішкентай балаларда бұл аурушаңдық, тіпті, дәрігер үшін өмірін сақтап қалу мәселесін тудыратын ауыр формада өтеді.
Сальмонеллезден қалай сақтануға болады?
Ветеринарлық бақылаудан өтпеген етті пайдаланбауды қағида ретінде ұстану қажет. Етті және құсты әбден пісіріп немесе қуыру тиіс.
Пастерленбеген сүтті қайнаған күйде ғана ішуді ұсынамыз.
Жұмыртқаны пайдаланар және дайындар алдында жуу керек, өйткені сальмонеллалар жұмыртқаның құрамына еніп, нашар піскен жұмыртқаның сары уызы мен ақ уызында сақталады. Кез-келген тағамды дайындау кезінде жұмыртқаны ұстағаннан кейін қолды мұқият жуу керек, өйткені жұмыртқаның қабығынан сальмонеллалар қолға түсіп, одан асқа түседі.
Шикі ет пен піскен ет үшін жеке турайтын тақтайлары болуы керек.
Егер Сіз шикі етті, құсты сатып алсаңыз, оны алдымен бір-біріне жанаспағандай, полиэтилен пакетіне, одан соң сөмкеге салыңыз.
Тоңазытқышта шикі еттің, құстың дайын тағаммен тікелей жақын сақталмауын қадағалаңыз.
Құйма тағам, сілікпе, салат, крем, желе, винегретті – бір сөзбен айтқанда, бұл екінші рет пісіруге немесе қуыруға жатпайтын тағамдарды тоңазытқышта ғана сақтаңыз.
Өкінішке орай, адам менсінбейтін қарапайым ережені еске алайық: ыдыс-аяқты, көкөніс пен жемісті жууға немесе ішуге құбыр немесе қайнаған суды ғана пайдалану.
Сальмонеллезге жиі шалдығудың себебі – лас қол және лас заттар, ауру үй жануарлары – мысық, ит. Айтпақшы, оларда бұл ауру ешбір белгісіз өтеді, сырт келбеті бойынша олар сау болып көрінеді, бұл жұғу қаупін қиындатады. Көгершіндер жиі жағдайда сальмонелла тасымалдаушылары болып есептеледі. Терезенің алдын, қылтималар, гүлзарларды, балаларға арналған құмсалғыштарды жұқтырылған қимен ластай отырып, олар жұқпа көзіне айналады. Қатынасу жолы арқылы жиі балалар жұқтырылады. Ендеше, балаға жануарларды дұрыс бағуды үйрету керек, мысық не иттің бетін жалатуға, көгершіндерді қолдан тамақтандыруға үйрету керек.
Егер бала немесе үйдегі үлкендердің бірі ауырса, дереу дәрігерді шақыртыңыз. Сальмонеллез қауіпсіз ауру емес. Сальмонеллалар ұзақ уақыт бойы толық емделмеген сырқаттың ағзасында сақталуы мүмкін. Өт қабында көбейіп, олар холецистит, холангит тудырады. Бұдан басқа, сальмонеллалар ішекте ұзақ өмір сүріп, микробтардың «сақтаушысы» оны таратушыға айналады. Міне, сондықтан сальмонеллез сияқты бұндай зұлым аурумен біз өздігімізше күресе алмаймыз.
Өзіңізді және денсаулығыңызды сақтаңыз, ішкен тамағыңыздың сапасына және тазалығына мән беріңіз!

«Тереңкөл ауданының ҚДСБ» РММ
жетекші маманы                      Касаткина Г.Н.