Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Туберкулез туралы нені білу қажет!

Жыл сайын 24 ақпан және 24 наурыз аралығында өткізілетін «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне» орай туберкулезді алдын алу туралы айлық жүргізіледі. 24 наурыз күні бекер тандалған жоқ, 1882 жылы Роберт Кох Берлинде осы қауіпті аурудың қоздырғышын-туберкулез микобактерияларын атап сенсациялық ашу жүргізіп баяндама жасады.
Туберкулез – туберкулез микобактерияларымен қоздырылатын (Кох таяқшалары) жұқпалы ауру, қоршаған ортаға факторларына тұрақты болып, төмен температуралардан қорықпайды. Ауруды таратушы көзі белсенді өкпе туберкулезімен ауыратын ауру адамдар. Инфекцияның ену жолдары жиі- ауру адамдар түшкіргенде немесе сөйлегенде, жөтелгенде көптеген бациллалар сілекей және қақырық тамшыларымен енетін тыныс алу жолдары. Туберкулез әлеуметтік жағдайы және жасына қарамастан барлық адамдарды зақымдайды, ол ауру ағзасы әлсіздеу болып келетін балалар және ересектерге қауіпті.
Туберкулез ауруының белгілері 2 аптадан асқан қақырықпен жөтел, дене қызыуының ұзақ мезгілге дейін көтерілуі 37,0 -37,9 градусқа дейін, тез шаршап әлсіздік пайда болады, кеуде қуысы ауырады, асқа деген тәбетінің болмауы, арықтау, түнде әсіресе тершендік пайда болады, физикалық қозғалыста ентігу.
Туберкулезды алдын алуда маңызды рөлді атқаратын Бацилла Кальметта -Герена вакцинасымен баларды иммундау (бала туғаннан соң және 6-7жаста 1сынып). Туберкулинды пайдаланумен балаларды жаппай профилактикалық тексеру (Манту сынамасын қою), ауруды ерте деңгейде анықтау үшін жасөспірімдер және ересектерді флюорографиялық тексеру.
Өзіңізді туберкулезден қорғай аласыз, егерде ағзаның қорғаныс күшін әлсірететін факторлардан аулақ болсаңыз: әрдайым дұрыс тамақтану, еңбектену, демалу тәртібін сақтасаңыз, таза ауада жиі болу, салауатты өмір салтын ұстану (темекі шекпеу және алколь тұтынбау).