Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Кәсіпкерлердің мәліметіне!!!

2019 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» Кодексіне (одан әрі Кодекс) өзгертулер енгізілді, оған сәйкес рұқсаттардың маңыздылығы ерекше атап өтілді және объектілердің қызметіне қойылатын талаптар күшейтілді. Атап айтқанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтердің және техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен рұқсат беру құжатының қолданылуын тоқтата тұрады. Сонымен қатар, Рұқсат беру құжатының иесі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат беру құжатын тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін бұзушылықтардың жойылғандығы туралы өтінішті ұсынбаған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы лауазымды адамдар көрсетілген мерзім өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде сот тәртібімен рұқсат беру құжатынан айыруға (кері қайтаруға) бастамашылық жасайды. Кодекстің 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес объектінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкес келуіне байланысты жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерді пайдалануға тыйым салынады.