Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Менингит

МЕНИНГИТ

Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды.
Менингит белглер
Миқұрттың ең кеңінен таралған белгілері бас ауруы, мойынның бұлшықеттінің ұюы, қалтырау, ойлау естің бұзылуы (комаға дейін), жарық пен дыбысқа сезімталдықтың артуы болып табылады. Науқаста жүрек айну және құсу, жалпы әлсіздік, жүрек соғысының бұзылуы, бұлшықеттің ауруы байқалады. Менингеальдық белгі Кернига және Брудзинский белгілерімен сипатталады: науқас мойнын иілдіре алмайды, тізе буындарын бүге алмайды. Гиперестезия гиперсезімділік кезінде байқалады: адам жарық шам, қатты дыбыс, жанасуларды көтере алмайды.
Сол үшін менингитті ауырмай тұрып алдын алған жөн
• Иммунитетті жоғарылату. Дұрыс тамақтану, ұйықтау т.б.
• Кез келген ауруды дер кезінде емдеу.
• Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық-түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу.
• Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
• Жақындарыңызда менингиттің белгілерін байқасаңыз тезірек жедел жәрдем шақырыңыз. Сонымен қатар оны неврологиялық бөлімге апарғандарын қадағалаңыз, себебі менингитті те неврологияда ғана емдейді
Вакцина салдыру қажет пе? Бұл жерде вакцина туралы білу керек. Мысалы, Б менигококктан вакцинаны ешқайдан таба алмайсыз. Ол өте сирек және қымбат, 2014 жылы шыққан. Тіпті қаржысы мол дамыған елдердің өзінде бұл вакцинаға кезек көп. Әрине, еліңізде сапалы вакцина, қаражатыңыз болса, онда жасатыңыз. Бірақ, сіз жасатқан вакцина менигококктан құтқарып қала ма? Күмәнім мол. Бүкіл халықты жаппай вакцинациялау мүмкін емес, өйткені вакцинаның соншама қоры еш елде жоқ. Менигококктан қорғайтын Б тобының вакцинасы жоқ, ал басқа тобының вакцинасын қабылдап алсаңыз, Б тобынан қорғана алмайсыз.