Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Жарамсыздық мерзімі

Жарамсыздық мерзімі

Сіз дүкенге барғанда, тауар сатып алған кезде жарамдылық мерзіміне жиіназар аударасыз ба? Мұны 10 адамның 2-уі ғана жасайтын шығар. Сіз өнімдер қандай жағдайда қалай сақталуы керек, бірақ іс жүзінде қалай сақалудаекеніне назар аударасыз ба? Мұны тұтынушылардың тіптен аз бөлігі ғана жасайды.сіз қалай ойлайсыз, мерзімі өтіп кеткен өнімдерден уланатын адамдар көп пе?бұл сан зейінділікцифрына қарағанда пропорционалды артық. Бұдан қарапайым, бірақ өте маңызды қорытынды туындайды. Өзімізге көбірек назар аударумыз керек, ал ол үшін тұтынатын заттарымызға көбірек назар аудару керек. Ал бұл мақалада өнімді таңдаған кезде, қалай таңдау керек және неге назар аудару керектігі жөнінде айтамыз.
Әр өнімнің өзінің жарамдылық мерзімі болады, оны белгілеу дайындаушы үшін міндетті болып табылады, ал жарамдық мерзімі өтіп кеткенненкейін сатуға тыйым салынады және айыппұлмен жазаланады. Өнімнің жарамдылық мерзімі дегеніміз не және оны қатардағы сатып алушы әдеттегі супермаркетте қалай дұрыс аңықтауы керек?
Өнімнің жарамдылық мерзімі көрсетілген заттаңбада мынадай тармақтар болу керек:
Жарамдылық мерзімі 72 сағатқа дейінгі тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін – сағаты, күні, айы көрсетілген «... дейән жарамды» белгісі; жарамдылық мерзімі 72 сағаттан бастап үш айға дейінгі мерзім кезінде – күні, айы, жылы көрсетілген «... дейін жарамды» белгісі; жарамдылық мерзімі кемінде үш ай мерзімі кезінде – айы, жылы көрсетілген «соңына дейін жарамды» немесе күні, айы, жылы көрсетілген «дейін жарамды» белгісі.