Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

ТАҢБАЛАУ

ТАҢБАЛАУ


Тауардың заттаңбасында немесе қаптамасында олад туралы ақпарат екендігін бәріміз білеміз. Бірақ ол ақпараттың барлығының не білдіретіндігін бірәмәз білеміз бе? Бұл белгілер мен қысқартылған сөздер қарапайым адамдар үшін көбінесе түсінікті болмайды, алайда оның маңызы өте зор.
Сонымен, таңбалау оның жалпылама қабылдаған ұғымында – ол, қаптамаға немесе тауарға және басқа да қосалқы құралдарға қоңдырылған мәтін, шартты белгі немесе сурет. Таңбалаудың негізгі міндеті тауар туралы негізгі мәліметтерді тұтынушыларға жжеткізу, сондай-ақ тауарды сәйкесендіру болып табылды. Яғни, таңбалау арқылы құқынушы тауар туралы қажеттінің бәрін біле алады. Айта кететін, осы деректердің барлығы «Тұынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңда және Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарында көрсетілген.
Таңбалау жөнінде түсініп алдық. Ал белгілер ше, олар нені білдіреді? Жақын арада көп тауарларда ЕАС деген жазу пайда болды. Біреіміз соның не білдіретінін ойланып көрдік пе? Олай болса, оның мағынасы мінеки, өте қарапайым: ЕАС деген жазудың болуы аталған тауарды Евразиялық экономикалық одақ елдерінің бірыңғай нарығында сатуға болатынын және оның қауіпсіздігі мен сапасын дайындаушы немесе импорттаушы растағанын білдіреді.