Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

"Қауіпсіз өнімді таңда!" акциясы

"Қауіпсіз өнімді таңда!" акциясы шеңберінде «Качир аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РММ мен ҚР ДСМ ҚДСК ШЖҚ "ҰСО" РМК филиалының Качир аудандық бөлімшесімен бірлесіп 2018 жылғы 18 қазанда Тереңкөл ауылы аумағында сауда орындарында экспресс - әдіс көмегімен нитраттарды ұстау үшін жеміс-көкөніс өнімдеріне зертханалық зерттеулер жүргізілді. Барлығы іріктеп алынған үлгілер және жүргізілген зерттеулер 68 , оның ішінде оң нәтиже - 0. Акция аясында тамақтан уланудың, ішек инфекцияларының алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді.