Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Рұқсаттар және хабарламалар туралы

     Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-тармағы 21-1 бабына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай жүзеге асырылады.
     Жеке және заңды тұлғалар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен эпидемиялық маңыздылығы болмашы объект қызметі (пайдаланылуы) басталғаны және тоқтатылғаны туралы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды хабардар етуге міндетті.
     Бұл ретте жеке және заңды тұлғалар эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілердің қызметі (пайдаланылуы) басталғанға дейін объектіні халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
      Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Кодексінің 2-тармағы 21-1 бабына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынады.