Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әр азаматтың парызы »

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-әр азаматтың парызы »

Сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өз лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы өзіне үшінші тұлғалар үшін мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен осы адамдарды сатып алу («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-VЗаңының 1 бабы).Басқаша айтқанда, сыбайлас жемқорлық - бұл мемлекеттік өкілеттіктерді жеке мүддесінде пайдалану ғана емес, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне қарама-қарсы адамдарды бейілдендіру.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның салауатты даму жолындағы елеулі кедергі, араласу мен жоюды талап ететін әлеуметтік зұлымдық болып табылады.

Дегенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес неге әрбір азаматтың парызы болып табылады?

Әдеттегі түсінікте сыбайлас жемқорлық ең алдымен мемлекеттік қызметпен және құқық қорғау органдарымен байланыстырылады. Бірақ, қарапайым түсінікпен қатар, елде сыбайлас жемқорлықтың дамуына ықпал ететін, атап айтқанда жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдарды, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарды, мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды игіліктер мен артықшылықтар беру жолымен сатып алуды жүзеге асыратын субъектілер (жеке және заңды тұлғалар) сыбайлас жемқорлықпен байланысты екендігін де ұмытпауға болмайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес- "Республика азаматының өзінің азаматтығына байланысты құқығы бар және міндеттер атқарады". Бұл ретте, нақты бір мамандар мен қызметкерлердің лауазымдық міндеттері осы саладағы уәкілетті органмен белгіленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтиже беруі үшін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген азаматының ықыласы қажет.

Сыбайлас жемқорлық-құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімге нұқсан келтіреді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер болып табылады.

 

Качир аудандық ҚДСБ