Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Качир аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ «Шайды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 6-ПГВр қаулысы
«Шайды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 6-ПГВр қаулысы

     Качир аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Тереңкөл ауылы мен Тереңкөл ауданы тұрғындарына Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын мәлімет үшін жолдап отыр:

     «Қазақстанның тұтынушылық нарығында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  саламаттылығы саласындағы нормативтік құқыттық актілердің, гигиеналық нормативтермен Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауыпсіздігі туралы» (021/2011 КОТР), және «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» (КОТР 022/2011) және «Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштермен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпзіздігіне қойылатын талаптар» (ҚОТР 029/2012) техникалық регламенттірінің талаптарына шайда синтетикалық бояғыштардың болуы, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша  (зеңнін жол берілетін деңгейінен 2-10 есе арту), сондай- ақ таңбалау бойынша  (дайындалған  күннің, ЕАО айналымы бірыңғай белгісінің болмауы) сәйкес келмейтін шайдың өткізілу фактілерінің анықталуына байланысты, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 12-13-тармақтарының, Еуразиялық  экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының негізінде Қаулы етемін:

  1. Қазақстан Республикасының аумағына Пәкістанда өндірілген шайдың мынадай атауларын:

-  «АlBarakat»  өндірушісі   «A.A. Mughal General Traders»

- «Gajjal`s Tea Gold»  өндірушісі КРК «Gajjal`s»

- «Allama» өндірушісі «MTI medical Pvt»

-«Allied Tea» өндірушісі «S.I.T.F. Karachi» әкелуге және өткізуге тыйым салынсын.

-«Pac Tea» өндірушісі «Zaib-un-Nisa street Sadar Karachi»

-«Premium Gold Tea» өнімберуші  «ABA груп LLP» КРК әкелуге және өткізуге тыйым салынсын.»