Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «ҚР-ның денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Качир аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"
"Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"

"Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"

   Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің м а 2017 жылғы 28 сәуірдегі, № 217 бұйрығына сәйкес «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту жөнінде»,  «Кашыр аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ мемлекеттік қызметті көрсетеді "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру"

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі  көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ портал арқылы тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні.

         Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ТЕГІН негізде көрсетіледі.

         Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталдың: тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен қызмет көрсету нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

         Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      аккредиттелген зертханалары жүргізген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті сынақтар (зерттеулер) тізбесіне сәйкес хаттамалары;

      2) порталға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      аккредиттелген зертханалар жүргізген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті сынақтар (зерттеулер) тізбесіне сәйкес хаттамаларының электрондық көшірмесі.

         Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының, 6-тармағына сәйкес бекітілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.