Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Менингит

Менингит  – бактериямен, вируспен, саңырауқұлақтардан және бастың қатты жарақатынан және басқа да себептерден кейін болатын бас миының және жұлын миы қабатының іріңді және серозды қабыну ауруы. Менингит ауруы өздігінен немесе басқа аурулардың асқынуынан кейін болады. Менингит балаларға көбіне ағзаға тамақпен бірге кіретін энтеровирустар арқылы жұқса, ересектерге стрептокок, менингокок, стафилок, нейсерия сынды бактериялар арқылы жұғады.
-Жұғу жолдары: ауа-тамшылы, мұрын-жұтқыншақ, бронх арқылы.
- Жайылу жолдары: гематогенді (қан арқылы), лимфогенді.
- Клиникалық көрінісі:
Қатты бас ауруы;
Тамақ қабылдауға байланысты емес фонтан тәрізді құсу;
Мәжбүрлі қалып: басы артқа шалқайған, қолы, денесі, аяғын ішіне жинап алады.
Дене қызуының жоғарлауы;
Жарыққа және дауысқа жоғары сезімталдық;
Нәрестелерде: бас жіктерінің кеңеюі, еңбегінің ісуі, айқын мазасыздық, құсу, менингеальды симптомдардың бірден оң болуы;
Желке бұлшықеттерінің ригидтілігі;
Науқас тамақтан бас тартады;
Ерінге ұшық шығуы;
Терідегі геморрагиялық бөртпелердің пайда болуы; Брудзинский, Керинг симптомының оң болуы.
Тексеру жолдары: ЖҚА, мұрыннан, тамақтан бак.посев тапсыру, жұлын сұйықтығын тексеру.
Емі: Төсектік режим. Қоздырғыштың түріне қарай вирусқа қарсы препараттар, құрысуға қарсы препараттар, антибиотиктер, тыныштандыратын дәрілер қолданылады.
Менингеттен сақтану жорлдары:
Менингиттің алдын алу үшін, көбіне түрлі вакциналар алып жатады. Алайда мысалы стрептокок арқылы тарайтын менингитке қарсы салынған вакцина сізді тек сол бактериядан ғана қорғайды.
Сол үшін менингитпен ауырмай тұрып алдын алған жөн. Ол үшін: Иммунитетті жоғарылату;
- Дұрыс тамақтану, ұйықтау және т.б.
- Кез келген ауруды дер кезінде емдеу;
- Қолды әрдайым таза ұстау, кез келген азық-түлікті тұтынардан бұрын жақсылап жуу;
- Бөлмені желдету, ылғалды тазалау жүргізу;
- Бөтен адаммен бір ыдыстан тамақ, су ішпеу;
- Көпшілік орындарға бармау;
- Басыңызды зақымдап алсаңыз міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.
- Жақындарыңызда менингиттің белгілерін байқасаңыз тез арада «жедел жәрдем» шақырыңыз.