Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Скрининг. Неғұрлым ерте болса, соғұрлым жақсы!

Қаланың 30-дан 70 жасқа дейінгі әрбір тұрғыны орташа есеппен екі жылда бір рет дәрігерде болуы тиіс. Жыл сайын республикалық бюджеттен белгілі бір жастағы - 30, 35, 40, 42 жастағы пациенттерді тегін тексеру үшін қаражат бөлінеді. Мұндай жаппай денсаулықты тексеру скрининг деп аталады. Скрининг - ағылшын сөзі, "тексеру" немесе "қорғау, экрандау" деп аударуға болады. Яғни, скрининг жүйесі адамдарды қант диабеті, глаукома, жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулар және т. б. сияқты аурулардан қорғауға арналған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде "2015 жылы әлеуметтік кепілдіктерді және жұмыспен қамту деңгейін сақтау туралы" тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Тексеру ерікті түрде және тегін жүргізілгенмен, өкінішке орай, халық скринингтен өту мүмкіндігін қолдана бермейді. Ал дәрігерге бармаудың жалғыз ғана себебі: "уақыттың жоқтығы". Ал уақыт келгенде, бірдеңені өзгерту кеш болады.
Есіңізде болсын: скрининг – емнің тиімділігін арттыруға ғана емес, асқынулардың дамуын алдын алуға мүмкіндік беретін ерте кезеңдерде қауіп-қатер факторларын және ауруларды анықтауға бағытталған дені сау адамдарға жүргізілетін өте маңызды профилактикалық медициналық тексеру.
Скринингтен 18 жасқа дейінгі балалар өтеді; 30-70 жастағы ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтау үшін; жатыр мойны обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер; артериялық гипертонияға, жүректің ишемиялық ауруына және қант диабетіне байланысты диспансерлік есепте тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер; 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер глаукомасы бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын; полипоз, тоқ ішек обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер өтеді.
Өз денсаулығыңызға сақ болыңыз - скринингтен уақтылы өтіңіз!

 

«Тереңкөл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ