Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Ұнды фортификациялау – теміртапшылықты анемияның алдын алудың әсерлі әрі қолжетімді шарасы

Заманауи денсаулық сақтау жүйесінің өзекті проблемаларының бірі теміртапшылықты анемия.
Мәліметтерге қарағанда, әлемде 3 миллиардтан астам адам анемияға ұшыраған.
Демалу процесі кез келген ағза үшін аса маңызды. Қандағы оттегі тасымалдайтын бірден бір зат – гемоглобин. Толыққанды гемоглобин түзілуі үшін темір қажет, ол ағзаға тағаммен түседі. Темір жетіспегенде гемоглобин төмендеп, яғни ағза жасушасына аз оттегі түседі, теміртапшылықты анемия пайда болады (ТТА).
Теміртапшылықты анемия БДҰ сарапшыларының пікірінше, ана, бала өлімі тәуекелдері ішінде 10 факторлардың алғашқы бестігінде, және де бүкіләлемдік ауруларының 10 себебі ішінде көш бастап тұр.
Темірдің жетіспеушілігінен ана мен бала өлімінің жоғары деңгейі байланыстырылып, баланың физикалық ментальді дамуының тежелуі, олардың инфекциялық аурулар мен қоршаған ортаның зиянды факторларына төзімділігінің төмендігі де түсіндіріледі .
Теміртапшылықты анемия симптомдары – жалпы әлсіздік, тез шарашағыштық, бас ауруы, дененің, еріннің бозаруы, тәбеттің жоқтығы, сезгіштіктің жоғалуы.
Анемияның алдын алудың үш негізгі тәсілі бар: фармакологиялық, тиімді тамақтану, және негізгі азық-түліктердің темір қосындылары, дәруменді кешендермен фортификациялануы (байытылу).
ТТА алдын алудың қарапайым, арзан әрі қолжетімді түрі үшінші әдіс.
Азық-түлік өнімдерін фортификациялау Қазақстан Республикасы Заңнамасымен реттелген. «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі Нормасында Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылатын бірінші және жоғары сұрыптағы бидай ұнын темірқұрамды дәрумендермен, минералдармен басқа да заттармен міндетті түрде фортификациялануы жазылған.
Бидай ұны фортификациялау үшін бекер таңдалған жоқ. Ұн дәрумендер мен темірдің қарапайым, арзан, қолжетімді түрі. Байытылу процесі ұнның дәмін, түсін өзгертпейді, пісірілім сапасы бұрынғыдай қалады. Фортификацияланған ұнды пайдалану қауіпсіз. Ұнды фортификациялау бидайды ұнтақтау кезіндегі жоғалған дәрумендерді толтырады, сондықтан, бұндай ұнды пайдалану өте пайдалы.
Өздеріңізде және жақындарыңызды теміртапшылықты анемияның алдын алу үшін темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұн мен нанды таңдаңыз. Дендеріңіз сау болсын!

«Тереңкөл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ