Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Ботулизмнің алдын-алу

Ботулизм - көбінде өлімге әкеліп, соғатын тағамнан улану. Бұл ауру тағам құрамында асқазан сөліне төзімді улы токсиннің болуымен маңызды. Ботулизм термині өзінің атын латын сөзі «botulus» - тан бастау алады, себебі бұрынғы кезде осы тағамнан улану көбінде шұжықпен байланысты болған.
Қоздырғыш анаэробты жағдайда тіршілік етеді, яғни өмір сүру ортасында оттегі болмауы керек. Микроорганизм бөліп шығаратын токсин эпидемиологиялық маңызды болып табылады, айта кету керек, бірақ, тағамның дәмі, сыртқы түрі ешбір өзгеріске ұшырамайды, тек өте сирек кездестін белгі - газ бөлінуіне байланысты қақпақтың көтерілуі («бомбаж»). Ағзаға түскен токсиндер жүйке жасушаларына барып тұрып қалғаннан соң, ағзадан бөлініп шықпайды, бұл тыныс алу және жүректің жұмысының жеткіліксіздігінен өлімге әкеліп соғады. Аурудың ерте белгілеріне аз уақыт ішінде байқалатын гастроэнтерит симптомдары жатады (жүректің айнуы, құсу, бас ауру), бара – бара бұл ботулизм ауруына тән жүйке жүйесінің жұмысының бұзылу белгілеріне ауысады (көз еттерінің жансыздануы, қарашығының үлкейуі, заттарды екеуден көру - диплопия, жарыққа реакцияның болмауы, таңдай еттерінің, тамақтың, кеңірдектің жансыздануы, сөйлеудің афонияға дейін бұзылуы, жұту, шайнау актілерінің бұзылуы және т.б.).
Ботулизмнің алдын – алу мақсатында, облыс халқының назарын келесі мәселелерге аударғымыз келеді:

- көшеден үй жағдайында дайындалған консервіленген, қақталған тағамдарды сатып алмаңыздар;

- консервіленген тағамдарды жеудің алдында оның сақталу мерзімінің ұзақтылығына, сатылу мерзіміне және қақпақтың көтерілуінің «бомбаждың» бар немесе жоқтығына назар аударыңыздар;

- көкөністерді, жемістерді және саңырауқұлақтарды консервілеу кезінде оларды мұқият жуып, термикалық өңдеуден өткізу және зарарсыздандыру тәртібін, жағдайын міндетті түрде сақтау қажет;

- тағамнан улануға күдіктенген кезде міндетті түрде тез арада тиісті ем алу үшін дәрігерге қаралу керек, өз-өзіңізді емдеумен айланысуға болмайды.

 

«Тереңкөл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ