Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралыСыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы

  «Коррупция» яғни сыбайлас жемқорлық деген сөз латынның  «cor-ruptum» деген сөзінен шыққан «сынған, бұзылған» дегенді білдіреді, және жеке басының немесе корпоративтің пайдасы үшін қоғамдық мүдделерді құрбандық ету дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлық дегенді біз лауазымдағы тұлғаның жеке өзі немесе делдал арқылы, тек қана оның атқаратын қызметіне байланысты қамқорлығына алуы немесе болашақта қызмет көрсетуі үшін ұсынылатын материалдық құндылықтарды немесе мүлік сипатындағы заттарды жүйелі түрде иемденуі деп түсінеміз. Қазақстан Республикасы тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етіп және онымен күресіп қана қоймайды, сонымен қатар мемлекеттік деңгейде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы шараларды қабылдап, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге жағдай жасайды. Мемлекет мектепке дейінгі, мектептерде, ЖОО-да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында байқауларды өткізе отырып; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша оқу-әдістемелік кешендерін әзірлей отырып, анықтамалық, ақпараттық және насихаттық материалдарды дамыту арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені пайдалана отырып, өскелең ұрпақтың бойында адалдық сезімді, патриотизмді, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты табандылық таныту қасиеттерін дамытады.  Қоғам әлеуметтік қорғалғандығын сезінуі керек, мемлекетте жұмыссыздықты азайту, әлеуметтік жәрдемақыларды, еңбекақыны көбейту және зейнетақылық қамтамасыз ету бағытындағы нақты іс-әрекетін көруі тиіс, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің экономикалық дамуына теріс әсер ететіндігін, қоғамның моральдік құлдырауын тудыратындығын, және де сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қауіп тудыратындығын есте сақтауы қажет. Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуы үшін микроклиматты түбегейлі жақсарту үшін шаралар қабылдады. Бизнесті қолдау және дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалар мен дотациялар қарастырылған. Мемлекеттік органдардың рұқсат беру рәсімдерін жеңілдетуге және шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруін азайтуға бағытталған мемлекеттік реформалар жүргізілді.  Шағын және орта бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғауға бағытталған 2015 жылғы 29 қаңтардағы №375-V «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексі» (өзгерістерімен және толықтыруларымен). Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы № 463 бірлескен бұйрығы әзірленді.  Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жүйелі және кешенді сипатқа ие және ең алдымен, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" № 410-V ҚРЗ заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 қаңтардағы № 153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексін» сақтау іс-шараларына негізделген.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың, оның барлық көріністерінің жазасыз қалмайтындығын есте сақтауы тиіс, әрбір қызметкердің басты міндеттерінің бірі және борышы болып табылады, 
"Тереңкөл ауданның тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі  және сапаны бақылау басқармасы " РММ