Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы- аса қауіпті ауру!

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – бұл вирус тудыратын аса қауіпті ауру, медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген жағдайда науқас өлуі мүмкін.
КҚГҚ негізгі белгілері: инкубациялық кезең 1-14 күн, осы кезеңнің ұзақтығы вирустың жұғу жолдарына байланысты.
Бастапқы симптомдар температураның 39-40 градусқа дейін тез көтерілуі, қатты бас ауруы, көздің, беттің, мойынның қызаруы және дененің жоғарғы бөлігінде, мойын бұлшық етінің және белдің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, диарея, содан кейін бөртпе, мұрыннан қан кету, қызыл иектен, жатыр және асқазан қан кету, инъекция орындарында гематомалар пайда болады.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы қалай беріледі?
Инфекцияның тасымалдаушылары кене болып табылады, сондай-ақ ағзасында инфекция қоздырғыштары бар үй жануарларында болуы мүмкін. Адамдарға жұғуы көбінесе кененің шағуы, кененің түсуі кезінде қан шығудан, ауру қан мен қан бөлінісі жанасқан кезде, ауру немесе мәйіттің биологиялық сұйықтығы, сондай-ақ жұқтырылған медициналық құралдар арқылы жұғады, қанында ККГЛ вирусы бар жануарлардан сою кезінде жұқтыруға болады.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу:
Аурудың алдын алу мақсатында жануарларды, мал қораларын және табиғи ошақтарда орналасқан елді мекендердің тұрғын үй-жайларында кенеге қарсы өңдеуді жүргізу қажет.
Табиғи ошақтарда және қой қырқу кезінде жануарларды күту кезінде шабуылдан және кенелердің қанымен жанасудан қорғау мақсатында арнайы костюмдерді (копьюшоны бар комбинезон, шұлыққа құйылған шалбар, етік және резеңке қолғап) пайдалану қажет.
Табиғатқа шығу кезінде ақшыл түсті жеңіл (кенені оңай анықтауға мүмкіндік беретін) киім кию, кенені табу мақсатында киім мен теріні қарау, тері мен киімге арналған репеленттер қолдану ұсынылады.
Аса қауіпті инфекцияның алдын алу мақсатында кене шағуынан жұғатын ауруды жұқтырудан қорғайтын құралдарды пайдалану қажет!
Кене шаққанда немесе кенемен байланысқан кезде адам медициналық мекемеге жүгінуі тиіс және 14 күн бойы медициналық бақылауда болуы тиіс.

Емделгенше, аурудың алдын алу жеңіл!

 

"Тереңкөл
ауданның тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі
және сапаны бақылау басқармасы " РММ