Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Инвестициялар тарту бойынша ақпарат

      Негізгі капиталға салынатын инвестициялар ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында 837,9 млн. теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 21,8 млн.теңгеге артық (2017 жылы 816,1 млн.теңге).
        Қаржыландыру көздері бойынша: бюджеттік қаражаттар – 377,4 млн. теңге, меншікті қаражаттар – 446,8 млн. теңге, басқада қарыз қаражаттар – 13,7 млн. тенге.
     Соның ішінде: ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары – 439,6 млн.теңге, машиналар, жабдықтар және құралсаймандар – 397,2 млн.теңге, өзге де шығындар – 1,1 млн.теңге.
       Есепті кезеңінде негізгі капиталға салынатын инвестициялар жалпы көлемінде сыртқы инвестициялардың үлесі 55,0% құрады.
       Жылдың басында 37 бірлік ауылшаруашылық техника ауыл өнімінің өндірушісі меншікті қаражаттарына жалпы сома 407,07 млн.теңгеге сатып алынды.
       Ауданда меншікті қаражаттары есебінен 600 басқа арналған сүт-тауарлық ферманың құрылысы «Астык ПВ» ЖШС, жоба бағасы 1 млрд.теңге жүзеге асырылуда.
       200 га алаңында «Иртыш Агро» ФШ, инвестиция сомасы 100,0 млн.теңге, суару енгізілді.
       200 га алаңында «Астык ПВ» ЖШС, инвестиция сомасы 75,0 млн.теңге, суару енгізілді.
       70 га алаңда «Оркен ПВ» ЖШС-нде суармалы учаскесінін реконструкциясы жоспарлануда.
       Светлица өзеніндегі ас тұзын алу жобасын асырылумен «ИнтерКонтинент PV» ЖШС инвесторы тартқан, жоба құны 600 млн. теңге.
       60,0 млн.теңге сомасына «Кузнецова» ЖК 2500 шаршы метр алаңында сауда үйінің құрылысы аяқталады.
       2018 жылғы 1 маусымға күтілетін инвестиция көлемі 1337,9 млн. теңге, 2018 жылдың қорытындысы бойынша - 4200,0 млн. теңге.