Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Жер қатынастары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Тереңкөл аудандық маслихат шешімінің жобасы

Тереңкөл ауылы                                            № ______                                            2018 жылғы «____» __________

Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 509-бабы 5-тармағына, 704-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Тереңкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
3. Качир аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Павлодар облысы Качир ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» № 3/5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген, 2016 жылғы 4 тамыздағы «Тереңкөл тынысы» газетінің № 31, 2016 жылғы 4 тамыздағы «Заря» газетінің № 31 жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарға дейін қолданылады.

Сессия төрағасы

Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы                                   С. Баяндинов