Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшыны жерлеуге байланысты зейнетақы қорынан біржолғы төлем берілетіндігі жарияланды. Оның көлемі қандай және қандай құжаттар жинау керек?
Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшыны жерлеуге байланысты зейнетақы қорынан біржолғы төлем берілетіндігі жарияланды. Оның көлемі қандай және қандай құжаттар жинау керек?

– Шынында, бұл мәселе таяуда бұқаралық ақпарат құралдары бетінде талқыланды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мына мәліметті айта кеткім келеді. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген сәттен, яғни 1998 жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем заңнамада көрсетілген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап өту керек, бұл төлем жаңалық емес, ол әрқашанда төленіп келді.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл сома 132 310 теңгені құрады (2 525*52,4).
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.
Толық ақпаратты Қор сайтынан біле аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz