Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ БЖЗҚ салымшылары Қордың қандай негізгі ұсынымдарын есте сақтауы тиіс?
БЖЗҚ салымшылары Қордың қандай негізгі ұсынымдарын есте сақтауы тиіс?

Зейнетақы қорының қызметі туралы бүкіл ақпарат Қордың enpf.kz сайтында және бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, сондай-ақ БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады. Сонымен қатар Қор бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Астананың барлық ауданында жұмыс істейді. Қор кеңселерінде кез келген зейнетақы қызметін алып қана қоймай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болады.
Қор филиалдарында үш ай сайын Ашық есік күні шарасы өткізіліп тұрады. Онда келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. Біз алушыларға зейнетақы жарналарының Қорға уақытылы және толық көлемде аударылуын қадағалап отыруға кеңес береміз. Бұл үшін әр түрлі ыңғайлы тәсілдерді пайдалануға болады. Мысалы: Қор базасына тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі мен парольдің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көемегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинеті, Қордың ұялы қосымшасы, сондай-ақ Қорға ұсынылған жеке электрондық мекенжай.
Қазір жас маман жұмысқа орналасқан жағдайда, Қорға алғашқы зейнетақы жарнасы келіп түскен сәтте, зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Яғни, жаңа салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Тек өзінің зейнетақы шотының жай-күйін, жарналардың тұрақты аударылуын қадағалап отырса болғаны. Өйткені Қордан төленетін болашақ зейнетақы төлемінің қандай болатындығы Қорға жарналардың уақытылы және толық көлемде аударылуына тікелей байланысты.
Бүгінде базалық зейнетақының көлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей тәуелді. Бұдан басқа зейнетақы аударымдары банктер үшін клиенттерге несие рәсімдеу барысында маңызды көрсеткіш болып саналады.
Зейнетақы жинақтары әрбір салымшының меншігі. Шоттағы зейнетақы жинақтары сенімді қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше шоттарға күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Қор салымшыларының зейнетақы шоттарына 917,1 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс есептелді. Бұл жерде әрбір салымшының шотына есептелетін табыстың сомасы сол шоттағы жинақтардың көлеміне тәуелді.


«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz