Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы
«БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына ақпарат беру туралы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:
- дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;
- Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;
- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз.
- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады.
Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2018 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы. Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді. Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.