Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?
Фрилансерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға міндеттелген бе?

Бұл сұрақ бойынша Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына жүгінуіңізді сұраймыз. Бұл ретте біздің айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бірдей бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртібін қолдана алмайды.
Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және ол бірнеше төлемнен құралады. Олар: жеке табыс салығы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін МЗЖ және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударым.
Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген; жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын; қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өсірген ауыл шаруашылығы өнiмдерін салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.
Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер БЖТ төлеушілер болып табылмайды.