Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?
Қазіргі кезде елімізде еңбек келісім-шарты бойынша қос қызметті қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейді? Яғни, еңбек келісім-шартын жасасқан екі мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агенті болып табылатын жұмыс берушілер аударады. Сәйкесінше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екі мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердің пайдасына МЗЖ аударуға міндетті.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz