Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Фрилансерлер деген кімдер?

Фрилансерлер – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететін жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс істеу уақытын көп жағдайда өздері белгілейді және тапсырыс берушімен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желісі дамығаннан бері фриланстық жұмыстар әсіресе журналистика, заң, компьютерлік бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңінен дамыған.

Белгілі бір мекемеде еңбек келісім-шарты бойынша жұмыс істейтін, бірақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар міндетті зейнетақы жарналарын қалай төлейді?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес агенттер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерінде төлейді. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауы тиiс.
Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.
Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгеніндей, салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшері алған табыстың 10 пайызын құрайды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиіс.
Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркімен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етеді.
Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бір тарабы салық агенті, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның ішінде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтін агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді.

 

* «Анықтамалық ақпаратты 1418 телефоны нөмірі арқылы Ортақ-байланыс орталығынан алуға болады. Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz
«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының Теренкөл елді мекеніндегі қызмет қөрсету орталығының бастығы Нурмакова А.Ж.