Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Сұрақтарға жауап береді БЖЗҚ

БЖЗҚ бөлімшесінде менеджер маған дербес кеңес беру қызметін ұсынды. Мен сол кезде одан бас тарттым. Өйткені, бұл қызметтің ақылы, ақылы емес екендігін білген жоқпын.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдына сапалы қызмет көрсетуден басқа, қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін нығайту мақсаты қойылған.
2018 жылдың сәуір айында Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Ол тегін көрсетіледі. Салымшылар мен алушыларға кеңес беру барысында оларды ең алдымен зейнткерлікке шығу, ерікті зейнетақы жарналарын төлеу, инвестициялық табыс, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік беру және зейнетақы төлемдерін арттыру мәселелері қызықтыратыны белгілі болды.
Осы және өзге де сұрақтарға Қор мамандары жан-жақты жауап береді және болжамды зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеп, оның арттыру жолдарын көрсетеді.
2018 жылдың үшінші тоқсанының 2 айы ішінде Қор филиалдары 109 889 ақыл-кеңес өткізді. Бұл 2018 жылдың екінші тоқсанында берілген ақыл-кеңестердің 93 пайызын құрайды. Жоба іске қосылғаннан бері Қор филиалдары 228 406 ақыл-кеңес беріп үлгерді.

* «Анықтамалық ақпаратты 1418 телефоны нөмірі арқылы Ортақ-байланыс орталығынан алуға болады. Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін. www.enpf.kz
«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалының Теренкөл елді мекеніндегі қызмет қөрсету орталығының бастығы Нурмакова А.Ж.