Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастадым. Бірақ бірнеше айды жіберіп алдым. Мен енді осы ағымдағы айда бірыңғай төлемді өткен айлар үшін төлей аламын ба?
Бірыңғай жиынтық төлемді төлей бастадым. Бірақ бірнеше айды жіберіп алдым. Мен енді осы ағымдағы айда бірыңғай төлемді өткен айлар үшін төлей аламын ба?

Жоқ, бірыңғай жиынтық төлемді ағымдағы ай мен алдағы айлар үшін ғана төлеуге болады.
Жеке тұлғалар бұл төлемді өз бетімен екінші деңгейдегі банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегі шоты арқылы Мемлекеттік корпорацияның банк шотына аударады.
Төлеушілердің бірыңғай жиынтық төлемін төлеуді олар өз бетінше немесе үшінші жақтың пайдасына жасайды, бұл бірыңғай жиынтық төлемді төлеудің «ММЖЖЖ» форматында көрсетілген мерзімін көрсете отырып жүзеге асырылады.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz