Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиіс?
Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиіс?

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсіпқой медиаторлар және жеке кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетімен аударып отырады. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерінде, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгіленеді. Жарна үшін есептелетін табысты олар өз бетімен айқындайды.
Табыс болмаған жағдайда, Сіз тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебімен өз пайдаңызға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар