Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық «Бірыңғай зейнетақы жинақтау қоры» АҚ Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер туралы.
Зейнетақы жүйесі мен әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесіндегі өзгерістер туралы.

13 тамызда Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту концепциясы бойынша, Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі бойынша және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі бойынша осы салада құзырлы органдардың басшылары ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аудан орталығы ұйымдарының өкілдері, Тереңкөл ауылының тұрғындары шақырылған кездесу аудан әкімдігінің орталығының акті залында өтті.
«ҚР-дағы зейнетақы жүйесін жаңғырту. Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі» тақырыбымен Павлодар облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті Департаментінің басшысы Евгений Губарев сөз сөйледі.
Ол базалық зейнетақыны есептеудегі өзгерістер, зейнет жасының арттырылуы, ортақ зейнетақыны есептеу әдістемесі және бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі жөнінде баяндады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарын ашу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру және зейнетақы жинақтарының сақталуының мемлекеттік кепілдігі туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Павлодар облыстық филиалының директоры Владимир Питраков ақпараттандырды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы Айгүл Капенова мәжіліс қатысушыларын қосымша мемлекеттік қолдау нысаны болып табылатын әлеуметтік сақтандыру жүйесімен таныстырды.
Облыс орталығынан келген қонақтар кездесу қатысушыларының көптеген сұрақтарына жауап берді.