Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

БКМ бойынша ақпарат

Сауда орындары мен қызмет көрсету пунктерін БКМ мен POS-терминалдармен қамту – ол көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге мен тұтынушылардың құқықғын қорғау болып табылады.
2019 жылғы 1-қаңтардан бастап онлайн-бақылау-кассалық машиналар (БКМ) нарықта сауда жүргізетін әрбір кәсіакерлер иесінде болуы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап бұл талап патент негізінде арнайы салықтық режим қолданатын кәсіпкерлерге, сондай-ақ, шаруа қожалықтарына қатысты болады.
Жалпы, 2018 жылдың 1 қазанынан бастап онлайн-бақылау-кассалық машиналар қолдануға міндетті салық төлеушілер қатары 10 түрден-27-ге дейін еселенбек.
2019 жылғы 1-қаңтардан бастап деректерді тарату қызметі бар онлайн-бақылау-кассалық машиналар қолдануға 27 түрді жүзеге асырғанда қажет.
Мұнда автомобильдер мен жеңіл көліктер сату, сусындардың көтерме саудасы, фармацевтикалық тауарлар, киім саудасы, ломбардтардың қызметі, жылжымайтын мүлікпен түрлі операциялар жүргізетін агенттіктер, жарнамалық агенттіктер қызметі кассалық аппараттармен толық қамтылуы тиіс.
Сонымен қатар, аталмыш тізім 2019 жылғы 1-сәуірден бастап – 325 түрге кеңейтіледі, бұл шамамен 10 мың салықтөлеушілер;
2019 жылғы 1-шілдеден бастап - 86 қызмет түрлеріне;
2019 жылғы 1-қазаннан бастап – 226 қызмет түрге.
Негізгі пунктің ережесі - коммуникация байланысы, желісі жоқ салықтөлеушілерге таралмайды.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылғы 3-қаңтарына - 9 896 деректерді тарату қызметі бар БКМ тіркелген.
Сонымен қатар, деректерді тарату қызметі бар БКМ мен POS-терминалдары орналастырылмаған ба жоқ па, сол үшін рейдттік жұмыстар жоспарлануда. Біз салықтөлеушілерді ескертеміз, әкімшілік жауапершілікті болдырмау үшін, деректерді тарату қызметі бар БКМ мен POS-терминалдарды орнату қажет екенін.
Егер, деректерді тарату қызметі бар БКМ орналастырылмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 284 бабына сәйкес, ескерті көзделген, қайта қайталанған жағдайда – кіші кәсіпкерлік субъектілері үшін – 15 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 30, ал ірі бизнес субъектілеріне - 50 АЕК көзделгенін естеріңізге саламыз.
Ал, POS-терминалдар болмаған жағдайда, бастапқыда – ескерту, қайта қайталанған жағдайда – кіші бизнес субъектілері үшін – 40 АЕК, орта бизнес субъектілеріне – 60 АЕК және ірі бизнес субъектілеріне - 80 АЕК.