Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Мемлекеттік кірістер басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтау шаралары.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтау шаралары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сақтау шаралары.

Сыбайлас  жемқорлық  құқық  бұзушылығы  Қазақстанның  қауіпсіздігіне  қатер  болып  табылады, ол  мемлекет   және  қоғамның   тұрақтылығына  қауіп  төндіріп, жүргізіліп  жатқан  экономикалық  және  әлеуметтік реформаларға  кедерге  болып,  Қазақстан  Республикасының  халықаралық  аренадағы  беделіне  нұқсан  келтіреді. Ол  сонымен  бірге, заманауи  қоғамның  тәптіштеп  зерттеуді,  жүйелі  түрде  қарастырыруды, кешенді  және  жедел ететін   қарсы  іс-қимыл.

Бұл мәселенің маңыздылығын түсіне отырып, Павлодар облысы бойынша     Мемлекеттік кірістер департаментімен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу жөнінде, сондай –ақ  салық төлеушілер үшін барлық бизнес-процестерді жаңарту мен автоматтандыру арқылы қолайлы жағдайлар жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

        Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен экономикалық қылмыспен күресу және кеден саясаты мәселелерімен,  салық салумен байланысты, заңнамасына енгізілген жаңалықтарды түсіндіру бойынша семинарлар өткізілді.

Мемлекеттік қызмет салаларын дамыту бойынша және бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік  кірістер органдарына  сенім деңгейін арттыруға кешенді шаралар шеңберінде жариялы ақпаратқа еркін қол жеткізу артырылды, ол  Департаменттің веб-сайтын қалыптастыруға ықпал етті.

          Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен кәсіпкерлік субъектілерімен салық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, салық төлеушілер  үшін жадынама әзірленді, онда ҚР  салық заңнамалары талаптарының  негізгі ережелері жазылған.

          Сонымен бірге, қылмыстық құқық бұзушылықтарды және теріс қылықтарды алдын алу, сондай-ақ Департаментте қызметтік және орындаушылық тәртіпті бұзуға жол бермеу мақсатында, бекітілген тақырыптық оқу жоспарына сәйкес кәсіби оқулар жөнінде сабақтар өткізіледі,онда лауазымды тұлғаларға ҚР қылмыстық, еңбек,  әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелері,  жіберілген  құқық бұзушылық  міндеттерінің жауаптылық шаралары, мемлекеттік қызметшілерге белгіленген  шектеулерді, тыйым  салулар мен  міндеттері түсіндіріледі, өзінің  лауазымдық міндеттерін адал  орындайтын және мемлекеттің экономикалық мүдделерін  қорғауға айтарылықтай қосқан жеке үлесі үшін, лауазымды тұлғаларды көтермелеу  тәжірибесі сәтті пайдаланылады. Сондай-ақ, қызметке жаңадан қабылданғандармен кіріспе нұсқама жүргізіледі, оның барысында жас мамандарды қызметтік тәртібіне қойылатын негізгі міндеттерімен  және шектеулермен таныстырады.

Павлодар облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментімен     лауазымды  тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және азаматтардың мемлекеттік органдарға сенім деңгейін арттыруға бағытталған, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді алып тастауға шаралар қабылдау және жемқорлықты түбірімен жою үшін  жаңа тәсілдерді әзірлеу жұмыстары жалғасатын болады.

 

 

Павлодар облысы бойынша МКД-нің ІҚБ