Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Мемлекеттік кірістер басқармасы Азаматтарға рақымшылық жасау туралы
Азаматтарға рақымшылық жасау туралы

2019 жылдың 13 тамызында салық пен өсімпұлды есептен шығару ережелері күшіне еңді.
Салық пен өсімпұлды есептен шығаруға сене алатын азаматтардың екі санаты бар:
- 15 жылдан астам берешегі бар жеке тұлғалар, олар бойынша салық органдары барлық берешек пен өсімпұлды толық есептен шығарады. Бұл ретте, қарыздардың арасында ҚҚС, корпоративтік табыс салығы, әлеуметтік салық төлеушілер, жеке тұлғалар бола алмайтын салықтар бар екенін атап өткім келеді.;
- 2019 жылғы 1 қаңтарға салық берешегі бар жеке тұлғалар, олар бойынша негізгі борышты төлеген жағдайда өсімпұл есептен шығарылады.
Рақымшылық жасау ерекшелігі берешектер мен өсімпұлдарды есептен шығару үшін мемлекеттік кіріс органдарына барудың қажеті жоқ, яғни өсімақылар мен берешекті анықтау, есептен шығару жөніндегі барлық жұмысты салық төлеушілердің өз міндеттемелерін өтеуіне қарай күн сайын жүргізетін болады.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін және есептен шығару ережелері күшіне енгенге дейін өз берешегін өтейтіндер де өсімпұл мен берешекті есептен шығаруға сене алады, олар 5 жыл ішінде кез келген уақытта оларды алып тастай алатын дербес шоттарға өсімпұл есептен шығарылады немесе толық көлемде қайтарылады (төлеген кезде).
Мысалда түсіндіреміз: салық төлеуші көлік салығы бойынша негізгі борыш сомасын 1 млн.теңге мөлшерінде төледі, бұл ретте 221 мың теңге мөлшеріндегі өсім сомасын төлеу қажеттілігі жоқ, ол рақымшылық шеңберінде толық көлемде есептен шығарылады.
Берешегі бар салық төлеушілердің тізімі KGD.GOV.KZ ресми сайтында орналастырылған, әрбір салық төлеуші өзінің ЖСН-ін еңгізе отырып, есептен шығаруға жататын өз қырызының сомасын және өсімпұл сомасын біле алады.