Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Мемлекеттік кірістер басқармасы Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе

2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Салық кодексінің 1-бабының 72-1) тармақшасына сәйкес, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе (бұдан әрі - ҮИЖ) – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (құрылғыдан), сондай-ақ сауданы басқаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды және тауарлардың есепке алынуын автоматтандыру жүйесімен жарақтандырылған жабдықтан (құрылғыдан) немесе интеграцияланған жүйенің барлық үш құрамдасын алмастыратын бағдарламалық-аппараттық кешеннен тұратын интеграцияланған жүйе.
ҮИЖ және оны есепке алуға қойылатын талаптарды, оны орнату және қолдану тәртібін уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау саласындағы орталық мемлекеттік органмен, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейді.
Казіргі уақытта, үш құрамдасты интеграцияланған жүйеге және оны есепке алуға қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 2 қырқүйектегі № 953 бұйрығымен (бұдан әрі -Бұйрық) бекітілген (көшірмесі қоса беріледі).
Талаптарға сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің барлық объектілері бойынша бірыңғай есепке алуды жүргізу мақсатында сауда, қызмет көрсету, жұмыстарды атқару мен тауарларды есепке алудың автоматтандырылған басқару жүйесінің ҮИЖ басқа құрамдастарының кез келген санымен (бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйелердің (құрылғылардың)) интеграциялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, Талаптардын 6-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңымен және шағын және орта бизнес, есеп кәсіпорындары үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандартымен (IFRS) анықталған тәртіпте, қалдықтар, резервтер және тауарлар партиялары бойынша бір немесе бірнеше қоймаларда тиісті құжатты қалыптастырумен операциялардың әрқайсысын аяқтау және бір операция (транзакция) шеңберінде өткізуді, фискалдауды (фискальдық чекті беру арқылы) және тауар-материалдық қорлардың шығарылуын жүзеге асыру мақсатында тауар-материалдық қорлардың сандық және құндық мәндегі қозғалысы (кіріске алу, есептен шығару, орнын ауыстыру, сату, сату мен сатып алуды қайтару, түгендеу);
тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сандық және құндық мәнде өткізу;
есепті кезеңдегі барлық өзгерістерді көрсете отырып, операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен, оның ішінде банктік операцияларды есепке алудан және касса бойынша операциялардан түскен ақшаның қозғалысы;
кірістер;
персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша есеп айырысулар;
салық міндеттемелері және әлеуметтік төлемдер бойынша есеп айырысулар.
Бұл ретте осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген есепке алуды жүргізу бухгалтерлік есеп шоттарын қолданбай жүзеге асырылады.
Осылайша, ҮИЖ бір операция (транзакция) шеңберінде өткізуді, фискалдауды (фискальдық чекті беру арқылы) және тауар-материалдық қорлардың шығарылуын жүзеге асырады.
Одан басқа, Талаптардын 2-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының территориясында рұқсат етілген ғана ҮИЖ Бірыңғай тізілімге енгізілген ҮИЖ модельдері, Комитеттің сайтында тіркелген.
Осы мақсатта, ҮИЖ меншік иесі өтініш, талаптармен белгіленген құжаттар мен ҮИЖ тестілеу үшін тапсыру қажет.
Бұдан басқа, ҮИЖ пайдаланушысы (патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында ҮИЖ тіркеуге және салықтық есептілікте олар бойынша мәліметтерді көрсету тиіс.
Салық кодексінің жоғарыда баяндалған талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер ҚҚС бойынша тіркеуге тұру үшін ұлғайтылған шектерді және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін шекті табысты қолдануға құқығы жоқ.