Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Салықтық рақымшылық

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап Бересіні төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын.
Алдын-ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 340,6 млрд. теңге салық берешегі бар 90 077 шағын және орта бизнес субъектілері (31 210 заңды тұлғалар және 58 867 дара кәсіпкерлер) рахымшылыққа жататынын естеріңізге саламыз.
Бұл ретте, шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылады. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілерге қатысты рахымшылық қолданудың тәртібі басқаша.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта негізгі қарызын төлеген жағдайда еесптелген өсімпұлды есептен шығару жолымен жеке тұлғалар үшін салық рахымшылығын өткізу бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, мемлекеттік кірістер органдарымен ҚР заңнамалық актілеріне түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісуге жіберілген болатын.