Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Мемлекеттік кірістер басқармасы «Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет көрсетуді жою жөнінде
«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызмет көрсетуді жою жөнінде

«Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі» мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімдеу мақсатында Ұлттық куәландырушы орталығының (ҰКО) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану және пайдалануға өту жолымен мемлекеттік қызмет көрсетуді жою ұсынылды. Мемлекеттік қызмет көрсетуді жою бірнеше уәкілетті органдардың (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) функцияларды қайталамауға мүмкіндік береді.
Атап өткенде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 74-бабының 3-тармағына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушінің тіркеу есебі нәтижесінде Салық органымен электрондық цифрлық қолтаңба берілетін электрондық салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюды қамтымайды.
Осылайша, бұрын мемлекеттік кірістер органдарымен берілген электрондық кілттер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жарамсыз болады.
Салық төлушілердің назарына саламыз, Сіздерге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін электрондық кілтті Ұлттық куәландырушы орталығында (ХҚО) алу қажет.