Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Тіл дамуы – мемлекеттің дамуы

Мемлекеттік тіл - тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатын секілді, мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де - мемлекеттің негізгі атрибуттарының бірі.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», - деген болатын. Тіл халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда. Барлық шығыс құжаттары мен мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүзеге асырылады. Соның ішінде соңғы кезде, сот жүйесінде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, Мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы, мемлекеттік мекемелерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз.
Мемлекет саясатында жауапты мекеме басшылары тілге деген бақылауды ешқашан да босаңсытпауы тиіс. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғау басшыдан бастау алу керек. Адам қай тілде сөйлесе, сол тілге қызмет етеді.
Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік.
Сөз соңында айтатыным, ана тілімізді құрметтеп, аяқ астына таптамайық! Бұл біздің болашағымыз!

Качир аудандық әділет басқармасының
басшысы, «ҚЗО»РҚБ Павлодарлық
филиалының мүшесі А.Ч.Хаирова