Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық Тереңкөл ауданының әділет басқармасы «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі»
«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі»

«Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі»

            Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі –Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша жаһандық зерттеулер және әлем елдерінің экономикалық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бойынша онымен қоса жүретін оның рейтингі.

ҚР Әділет министрлігі «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» индикаторы бойынша келесі шараларды қабылдады: көрсетілетін қызметті алушының шағымын қарастыру және беру тәртібін қарастыратын, мемлекеттік қызметті көрсететін тұлғаның іс-әрекетін (әрекетсіздігін) мемлекеттік қызметті алушының сотқа дейінгі шағымдану құқығына мән беретін 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын әзірленген. ҚР «Төрелік туралы» Заңы қабылданды, онда мүліктік, сондай-ақ мүліктік емес қатынастардан туындайтын дауларды қарай бойынша төрелік және аралық сот құзыретінің кеңейтілуі, сонымен қатар егер тараптар арасында заңға сәйкес дауды төрелік немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім (шарт) жасалған жағдайда судьялардың талап арызды қайтару негізі немесе судьялардың талап арызды қараусыз қалдыру қарастырылған. Заң төрелік саласын реттейтін заңнаманы жетілдіруге, дауды жалпы баламалы реттеу жүйесінің дамытуға, сондай-ақ соттарға салынатын күш- салмақты азайтуға бағытталған. Заң ұйымның заңнамалық регламенттеуіндегі бірыңғай тәсілін және соттан тыс дауларды шешу институттарының қызметін орнату үшін қолданыстағы «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық төрелік туралы» заңдарын шоғырландырады.

 «ҚЗО» РҚБ ПФ мүшесі,

Качир аудандық Әділет басқармасының

басшысы                                                                                                              А.Ч. Хаирова