Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Азаматтарға құқықтық кеңес беруі

     20.06.2018 консультация

     Ағымдағы жылдың 20 маусымында Качир аудандық әділет басқармасымен, адвокат Н.К.Ахметовпен, нотариус Г.Д.Арыновамен, Качир ауданының әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу саласында заң қызметінің бас маманы А.А.Асаиновамен және Качир ауданының ІІБ Көш-қон қызмет тобының бас маманы А.Искаковамен бірігіп халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында азаматтардың құқықтық кеңесі өткізілді.
       Іс-шараның мақсаты - барлық азаматтарға санаты тегін заңды кеңес беру.
      Жүгінген азаматтар талап қою туралы өтініш беру, азаматтарды құжаттандыру және тіркеу, меншік құқығын тіркеу, әке болуды анықтау және т.б. сұрақтарға толық жауаптарын алды. Және де әділет органдарының іс – әрекетіне (әрекетсіздігіне) шешіміне дау айту сауалдары және дауларды соттан тыс реттеу туралы қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.
      Іс-шара барысында 6 азамат құқықтық көмек алды.