Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды СУҒА ТҮСУ КЕЗІН ДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
СУҒА ТҮСУ КЕЗІН ДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

19- шы қаңтар православнық християндар Крещение мерекесін тойлайды. «Крещение» грек тілінен аударғанда «шоқыну» деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекенің басты салт-дәстүрі сумен байланысты.Християндар мұз үстінде крест түрінде жасалған ойыққа түседі. Бірақ дайындығы жоқ адамның өміріне және денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін Сондықтан аязды күні алдын ала дәрігерге көрініп, қарсы көрсетілімдерді анық тауға кеңес береді. Суға түсу ережелері: Шоқыну рәсіміне аязды күні суға шомылу арнайы денсаулығы қайратты адамдарға ғана пайдалы. Ал өкпе ауруларымен, жүрек ауруларымен ауыратын адамдардың аязда суық суға түсуіне өте қауіп туғызуы мүмкін, қан қысымы жоғары адамдар (егер қан қысымы жоғары болса,суық суға түсу кезінде қан тамырлары қысылуы немесе микроинсультке әкеліп соқса,егер қан қысымы төмен болған жағдайда адам есінен танып құлауы және діріл пайда болады),сондықтан суға түсер алдында қан қысымын өлшеу қажет.Суға түсудің алдында денені сергітіп,бірнеше жаттығулар жасаған жөн. Арықтағы суға түсуді үзіліссіз 1-2минут(бірінші рет түсетіндер үшін 20секунд ішінде). Судың түбіне дейін аяқ киіммен түсү керек, өйткені аяққа суық бірінші болып әсер етеді. Шомылу алдында шешінуді бірінші сыртқы киімнен бастап, бірер минуттан соң аяқ киімді шешіп, одан ары шомылу киімге дейін шешіну керек. Орын алатын су ішіндегі бақытсыздық жағдайы дененің суыққа тоңуы,яғни адам ағзасы денедегі жылуды қайта қалпына келтіре алмайды. Адам ағзасындағы желуды сақтау үшін суға шомылу алтында денені майлы креммен сылау керек немесе балықтын майынан ас қасықпен ұрттап ішіп алу керек. Судан шыққан бетте денені орамалмен жақсылап сүртіп,киініп, ыстық шәй немесе кофе ішуді ұмытпау керек.
Тыйым салынады!
-арнайы дайындалмаған орындарда суға шомылуға;
-балаларды қараусыз қалдыруға;
-ішімдік ішуге;
-мұз айдынына автокөлікпен шығуға;
-құтқару және медициналық қызметінің өкілдері болмаса суға түсү. Сондай-ақ Тереңкөл ауданының кұтқару қызметі: шіркеудің өкілі крест тәрізді ойықты тазартпай тұрып түсуге: құтқару кызметі өкілдері мен медицина қызметкерлерінсіз түсуге; балалардың ата-ананың қарауынсыз түсуге; су басында ішімдік ішуге,мас күйінде суға түсуге және автокөлікпен суға түсетін ойыққа жақындауға болмайтынын ескертеді.
Естеріңізде болсын:бұл куні арнайы жабдықталған жерлерде ғана суға шомылуға болады.
И.Бедрин,судан кұтқару қызметінің құтқарушысы