Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Улы газ - өртте адамдардың өлуінің басты себебі
Улы газ - өртте адамдардың өлуінің басты себебі

Республика бойынша күн сайын адамдар улы газбен улануда. Жану ошағы басқа бөлмеде болса да улы газбен улану әбден мүмкін, өйткені көміртек тотығы түтінмен бірге жайылғанмен бөлме қабырғалары мен маңайдағы заттарға қонбайды. Оның концентрациясы бірер минут ішінде күрт жоғарылайды және ауамен араласқан кезде ғана төмендейді. Адам улы газбен уланған кезде организмде оттегінің алмасу механизмі бұзылып, оның тапшылығы пайда болады. Бұл ес білмей қалуға және өлімге әкеліп соқтырады. Улы газдың адам организмінде жиналып, оның қорғану әрекетін тоқтату қабілеті болғандықтан, тіпті оның кішкентай концентрациясы адамға әсер етеді. Алайда адам улы газбен дем алып жатқанын сезбейді, бірақ біраз уақыттан соң басы ауырып, көру қабілеті нашарлап, басы айналып, жүрегі айни бастайды. Улы газдың әрекетінен адам арылмаса нақтылы уақытты сезіну қабілеті жоғалып, кеңістікте бағдарлау бұзылып, егер де адам көміртек тотығы бар бөлмеден шықпаса қайғылы жағдайға душар болуы әбден мүмкін. Улы заттың әсері сондай адам денесінің күйік алып жатқанын да сезінбейді. Уланған адамға тез арада далаға шығу қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, тым болмағанда даланың ауасымен дем алу мүмкіндігі бар бөлмеге бару керек. Бұл бөлмеге түтін газының келуін мейлінше болдырмау қажет. Улы газбен уланған адамды жатқан қалпында тез арада таза ауаға алып шығып керек те алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету қажет.


Тереңкөл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі