Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

СУДАҒЫ КҮЗГІ ҚАУІПСІЗДІК

Қоңыр күз де келіп жетті.Қоңыр салқын мезгілге қарамастан табиғат аясында демалушылар легі толастар емес. Егер де сіздер осы уақытта демалыс күндері өзен жағалауына бара қалсаңыздар міндетті турде ауа райының суығына байланысты жылы киім киюді ұмытпаңыздар. Қазіргі уақытта судың температурасы 7-8градус болып тұр. Осы температурада суда болу уақыты адамның ағзасына кері әсер етіп, өлімге әкеп соғады. Суға шомылған адамда судың төменгі температурасы әсерінен «суық шок» пайда болуы мүмкін. Адамның жүрек қағысы жиілеп, тынысы тарылып, есінен танып,суға батады. Төмендегі ережені естен шығармауды сұраймыз егер де Сіз балық аулауға немесе қайықпен серуендеп шықсаңыз,құтқару белдемшесін киюді ұмытпаңыз.Спирттік ішімдік ішпеңіз. Кішігірім қайыққа балаларды отырғызбаңыз. Егер де қайықлен серуендеп шығатын болсаңыз,міндетті түрде туыстарыңызды хабардар етіңіз. Өзіңізбен байланыс кұралдарын алуды ұмытпаңыз. Су айдындарында өте мұқият болыңыздар.
В. Бегинин, суда құтқару қызметінің бас құтқарушысы