Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Кешенді оқу-жаттығулардың жалғасуы
Кешенді оқу-жаттығулардың жалғасуы

Кешенді оқу-жаттығуларды өткізу жоспар-күнтізбесіне сәйкес екінші күн Тереңкөл ауданы ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссияның жиынынан басталды, жиын 06 сағат 30 минутта жарияланды. Комиссия құрамы бекітілген мерзімге сәйкес жиын орнына келді.
Жиыннан кейін құтқару және басқа жедел жұмыстарды жүргізуге жедел жағдай бойынша аудан ТЖК төрағасының, АҚМЖ кіші жүйесінің аудандық басқару органдарының шешімдері тындалды. Негізгі қарастырылатын сұрақтар осы аудан үшін аса сипатты ТЖ алдын алу және қаупті азайту, түрлі қызметтердің басқару органдары мен шаруашылық объекттерінің арасындағы өзара әрекеттесу, жедел шешімдерді әзірлеу тәртібі болып табылады.
Тереңкөл ауданы ауданы мен халқының қорғанысын бағалау мақсатында практикалық өрістетумен эвакоқабылдау пунктінің қарауы, сондай-ақ ЖҚҚ беру пунктінің және жылжымалы басқару пінктінің қараулары іске асырылды.
АҚМЖ кіші жүйесінің аудандық күштері мен құралдарының дайындығын білу үшін күннің екінші жартысында Байғоныс а., Песчаное а. халқын хабарландыру жүйесін қосу жүйеге асырылған және «Тереңкөл а. тұрмыс секторын ықтималды су басуымен байланысты ТЖ жою кезінде Тереңкөл ауылдық округінің басқару органдарының, аудан АҚ қызметтерінің іс-әрекеті» тақырыбына арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша 2018 жылғы 20 қыркүйекте шаруашылық объекттерінің, аудандық АҚ қызметтерінің және құрылымдардың табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығы бағаланды.

Павлодар облысы ТЖД АҚ басқармасы