Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Шомылу маусымы аяқталды

Шомылу маусымы аяқталды

Жадыраған жаз да өте шығып, шомылу маусымы толығымен аяқталды. Бірақ та Ертіс өзенінде қазір қарбалас уақыт. Балық аулаушылар, аңшылар мен саңырауқұлақ жинаушылар алтын күздің осы күндерін пайдалана табиғат аясында демалғанды ұнататындары белгілі. Жергілікті судан кұтқару қызметі табиғатта демалушыларды судағы қауіпсіздіқ ережелерін сақтауды ескертеді. Кез келген уақытта ойламаған жерден сіз қауіпті жағдайға тап болуыңыз әбден мүмкін. Спирттік  ішімдіктерді пайдаланып, қараңғы уақытта салқын суға шомыла білмей тусу, оның устіне көтерілген қатты жел мен толқындар. Сіздің өміріңізге қауіп төндіретінін тағы да ескерткіміз келеді. Күзгі уақыт болғандықтан өзен суы салқын, сонда да демалыс күндері өзен жағасында жүріп, байқамай суық суға түсіп кеткен жағдайда, үстіңіздегі сыртқы киіміңізді бірден шешуге асықпаңыз.Су болған киім адам бойында жылуды ұстап, дененің тоңуына кедергі жасайды. Осындай келеңсіз жағдайларға тап болмау үшін, ең алдымен табиғат аясына шықпас бұрын ауа райын алдын ала біліп алған жөн болар. Демалып жатқаң уақытта қатты дауыл көтеріл. Сіз болса жағалаудан тым алыстап кетсеңіз, міндетті түрде күннің түзелуін күтіңіз. Есте сақтаңыз: шомылу маусымы аяқталғаннан кейін өзен, көлдерде шомылу өміріңізге өте қауіпті!

В.Бегинин,судан құтқару қызтетінің бас құтқарушысы