Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды ШАҒЫН КЕМЕДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ
ШАҒЫН КЕМЕДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

ШАҒЫН КЕМЕДЕГІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Судағы ең басты қауіпсіздік қайықта ережені қатаң сақтау болып табылады. Өзенге көлге толық жабдықталмаған және жөнделмеген қайықпен шығуға болмайды.Әсіресе ондағы мотордың техникалық ақауларының бар жоғын алдын ала тексеріп алған жөн. Қайыққа отырмас бұрын ескектін, рөлдін, құтқару дөңгелегі және суды төгу үшін бақыраштың қолда барына толық сенімді болу қажет. Ешқашан да қайықтың жақтауына отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға болмайды, сонымен қатар бір қайықтан екінші қайыққа ауысуға қайықты шайқалтуға, одан шомылуға, сүңгуге мүлде тыйым салынады. 16 жасқа дейінгі балалардың үлкендердің жетекшілігінсіз серуендеуге, мөлшерден жоғары жүктеуге, теплоход пен катерлердің жолын қиып өтуге, оларға жақындауға, мас күйінде қайықты пайдалануға рұқсат етілмейді. Әсіресе  кайықтың бортын келе жатқан толқынға параллелді түрде қою өте қауіпті, толқынды қайықтын тұмсығымен кесе көлденең немесе қиғаштап кесіп өту керек. Судағы қауіпсіздіктің басты шарты- алдын ала қауіпсіздік ережелерін сақтау екенін естен шығармау қажет. Егер қайық аударылып кетсе, ең алдымен жүзу білмейтіндерге көмектесу керек. Қайықтың жақтауынан ұстап, бар күшпен оны жағаға қарай итеруге тырысып, көмек шақырған дұрыс. Суда аударылған қайық – жақсы құтқарушы кұрал болатынын есте сақтаңдар. Моторлы қайықты кәмелет жасқа толмағандарға беруге болмайды. Қайығыңызға арнайы сигнал белгілері орнатылмаған болса, ауа райының қолайсыз күні серуендеуге шықпағаныңыз жөн. Суда демалуда шағын кемелерді пайдалану ережелерін бұздың ең көп тараған түрі-тұлғаның мас күйінде кемені басқаруы, немесе шағын кемеде басқару құқығының болмауы. Тағы да ескертеміз: шағын кемелермен демалысқа шыққанда пайдалану ережелерін сақтап, өз өміріңізді, жақын адамдардың өмірін қатерден сақтаңыздар.

В.Бегинин,судан құтқару қызметінің бас құтқарушысы