Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

ҚАҮІПСІЗ ЖАЗ

ҚАҮІПСІЗ ЖАЗ

Жаз келіп, күн ыси бастағанда бәріміз жақын маңдағы өзен, көлдерге барып шомылуға баратынымыз рас. Бірақ та бұл тамаша сәттер судағы қауіпсіздік шараларын орындамаған жағдайда небір қайғылы оқиғаларға апарып соғатынын ескерткіміз келеді. Ал егерде өзенге шомылуға барып қалған жағдайда ең алдымен әрине арнайы демалатын орындарды таңдау керек. Танымайтын,рұқсат етілмейтін жерлерде суға түсуден бас тартқаныңыз жөн шығар. Сондай-ақ, спирттік ішімдік ішіп суға түсуге, белгі тұрған жерлерден асып кетуге, жағалаудан алыстауға болмайтынын ескертеміз Өзіңізді нашар сезінсеңіз,шомылудан бас тартыңыз. Егер де суға батып бара жатқан адамды көре қалсаңыз шұғыл түрде жақын арадағы судан құтқару стансасына, аурухана мен полицияға хабарлаңыз. Қайықта серуендеу ережелерін де бұзбаңыздар. Балалардың суда шомылғанда денелері тез тонатыны белгілі. Сондықтан да балаларыңызға мұқият болыңыздар. Суда малтып салқын тию жағдайы болып қалғанда,баланың денесін кұрғақ орамалмен сүрту керек. Малтып келе жатып,шаршағанды сезсеңіз, арқаға жатып демалыңыз. Суда шомылып тамырларыңыз тарта қалса: арқаға аударып шомылатын орынға малтау қажет Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:  

Суға шомылатын жерді,жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алаңыз;

Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз;

Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар;

Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз;

Суга шомылуға ата-ананың рұқсатынсыз және қастарыңда үлкен ересек адам болмай баруға болмайды. Жалпы қазіргі кезде су лас, сондықтан түрлі ауру жұқтырып алу да мүмкін, сол себепті суға өзен суына шомылмаған дұрыс.

Суда шомылу барысында қауіпті жағдайды көре қалсаңыз, судан құтқару қызметіне 112 телефонына хабарласуға болды.

В.Бегинин,судан құтқару беліміңің бас құтқарушысы