Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

СУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

       Күннің қатты ысыуына байланысты барлық су айдындарында демалушылардың саны күрт өсуде. Яғни суға шомылу маусымы басталды, ендеше бұл судағы қауіпсіздікті ойлайтын уақыт. Су айдындарында демалыңыздар, денсаулықтарыңызды нығайтыңыздар, бірақ судағы қауіпсіздік ережелерін Есте сақтаңыздар! Себебі, судағы қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан, сақтамауынан болып табылады. Құтқарушылар тұрғындарға бейтаныс жерлерде демалыс ұйымдастырып, суға шомылмауға кеңес береді. Әсіресе, су айдыңдарында демалушылар алкогольді сусындар ішіп, мас күйінде суға түсіп жатады. Кейде мұндай жағдайлар адамдардың мерт болуына әкеп соғады. Сондықтан, тұрғындарға ескертетін жағдайдың бірі, су айдындарында демалыс кезінде мас күйіңізде суға түспеңіздер. Бұл - өте қауіпті. Сонымен қоса, жазғы демалыс кезінде балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың өсу қаупі бар. Құрметті ата-аналар және ересектер! Балаларға су айдындарындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, судың қаншалықты қауіпті екенін жеткізуге тырысыңыздар! Балаңыздың қай жерде не істеп жүргенін әрдайым бақылауда ұстауыңыз керек. Су айдындарында балаңызды бір минутқа да көзден таса қалдырмаңыздар! Ұқыпты болыңыз, көмек керек болған балалардың жанынан өте шықпаңыз. Ескертеміз, жақсы (қауіпсіз) демалыс демалушылардың өз қолында. Сондай-ақ, құтқару қызметінің телефоны 01- стационарлық телефоннан, 112- ұялы телефоннан қоңырау шалуға болатынын естеріңізге саламыз.

В. Бегинин, судан құтқару қызметінің бас құтқарушысы