Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Ақпараттық орталық ТЖ қызметі хабарлайды Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу ережелері
Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу ережелері

Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің азаматтық қорғау

органдарына жұмысқа орналасу ережелері

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV құқық қорғау қызметі туралы Заңына сәйкес құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, бiлiм деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.  

Құқық қорғау органдарына жұмысқа тұру келесі кезеңдер бойынша жүргізіледі:

1-ші кезең Кандидатты тесті, құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тесттен өткізу қағидалары, бағдарламалары және оны ұйымдастыру

2-ші кезең ӘДК жолдама

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу және C-SV-12, C-SV-13 үшінші санат бойынша жеке қасиеттері тестілеуін сәтті тапсырған кандидат  сертификатымен ары қарай Павлодар облысы ІІД емханасына әскери дәрігерлік комиссияға  қызмет етуге денсаулық жағдайының жарамдылығын анықтау үшін жіберіледі.

3-ші кезең Конкурстық процедуралар

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатынлауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларына бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 870 бұйрығына сәйкес

 

Барлық сұрақтар бойынша Тереңкөл ауылы, Строитель көшесі 15 А мекен-жайына немесе 87183321877 телефонына Качир ауданының ТЖБ хабарласыңыздар.

 

Качир ауданының ТЖБ