Павлодар облысы

Тереңкөл ауданының әкімдігі

Басты Заңы

1995 жылғы 30 тамыздан республикалық референдумдақазақстандықтарзаң үстемдігін әйгілейтін және азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға кепілдік беретін Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қабылданған болатын.
Конституцияны қабылдауеліміздің құқықтық жүйесінің өзегін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, ел тағдырын шешкен халық таңдауы болды. Конституция бүгін де – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің тиімді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың жемісінің жарқын көрінісі.
Мерекелеудің идеялық мазмұны еліміздің Басты Заңын құрметтеу дәстүрін қоғамда нығайтуға, қызметкерлерін конституциялық сап пен еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет рухында тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Еліміздің Басты Заңын мерекелеу мақсаты жоғары заңды күшке ие және демократиялық және құқықтық мемлекетті құруды қамтамасыз ететін қолданыстағы мемлекет құқығының көзі ретінде Конституцияның рөлі мен маңызын қоғамдық санада арттыру болып табылады.
Әлемдік қоғамдастықпен танылған қазақстандық қоғамның дамуының бірегей моделі Қазақстан халқының жалпы тарихи тағдыры мен қазақстандық патриотизм, экономикалық даму, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық туралы контитуциялық ережелерді мүлтіксіз сақтаудың арқасында мүмкін болып отыр.

Тереңкөл ауданының ТЖБ